Бұл кезең аясында ағынды суларды орташа резервуарлары, сорғы станция ғимараттары, өзін-өзі шайғыш сүзгілер мен флотация блоктары салынған болатын. Қазіргі кезде қашықтықтан басқару, технологиялық қорғау мен бұғаттау, сондай-ақ автоматты өрт дабылы жүйелерін баптау жұмыстары жалғасуда. Желдету және түтінге қарсы қорғау жүйелерінің жұмыстары тексеріліп, технологиялық, электротехникалық және бақылау-өлшеу аспаптары сынақтан өтіп жатыр.
Iске қосу-баптау жұмыстары сәуір айында аяқталады деп күтілуде. Екінші кезеңді іске қосу мамыр айына жоспарланған. Реконструкциялау нәтижесінде механикалық тазарту қондырғыларының өнімділігі 2 есе артпақ. Тазартылған судың бір бөлігі зауыттың өндірістік қажетіне жұмсалып, Жайық өзенінің суын пайдалану көлемі 9 %-ға азаяды.
Еске сала кетейік, Tazalyq экологиялық жобасы аясындағы механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жұмыстары Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.