К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қаңтар 14:30

Атырау мұнайшылары жаралы жапалақты құтқарды

Атырау мұнай құбыры басқармасы арнайы техника және технологиялық көлік цехының қызметкерлері көлік тұрағы ғимаратынан табылған жапалақты жануарларды қорғау мамандарының қолына тапсырды.

Көлік тұрағына жапалақты қалай кіріп кеткені белгісіз. Қызметкерлер оны көргенде ұша алмаған. Қанатында немесе денесінде жарақаты болған. Жаралы жыртқыш құсты қауіпсіз ұстау үшін, жергілікті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясымен хабарласып нұсқаулық алынып, сол бойынша арнайы қорапқа салынды.

 

Жапалақ сол күні инспекция мамандарына тапсырылды. Инспекцияның жануарларды қорғау бөлімінің басшысы Нұрлан Иманғалиевтің айтуынша, жыртқыш құс - қарапайым жапалақ. Атырау облысында сирек мекен етеді. Енді жаралы жапалақты мамандар емдейді де, мекендейтін ортасына жібермек. Инспекция сирек кездесетін құсқа қамқорлықтары үшін қызметкерлерімізге алғысын білдірді.