Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Құлсары-Доссор учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы толығымен тоқтатылды, осыған байланысты Ұлттық тасымалдаушы өңір тұрғындарын эвакуациялау үшін жолаушылар пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Құлсары станциясынан Атырауға дейін жолаушылар пойызын тағайындады. Жолаушыларға жол жүру тегін болды.