Ерекше ажарланып кеткен теміржол қызметкерлері қазақтың ұлттық киімінің неше түрлі сан үлгісін көрсеткендей еді. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететіні де рас. Сол арқылы ұлттық киім күні киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар еліміздің бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік беріп отыр. Соған орай атыраулық теміржолшылар ұлттық киім киюге аса құрметпен қарайды.
Айта кетсек, жуырда ғана Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатқанын, оның өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн екенін айтқан болатын.
Бұл күні Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының ұжымы ұлттық киім киіп келумен қатар, ұлттық тағамның түр-түрін дайындап, кең дастархан жайып, әріптестерін қонақ етіп күтті.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"