Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мен Магистральдық желі бөлімшесі қатысқан оқу-жаттығуда азаматтық қорғаныс штабы құрылды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бөлімше құрылымдарына 1 ситуациялық жағдай тапсырылды: яғни Сағыз-Мұқыр станциялары аралығында секундына 15-30 метр жылдамдықпен жел соғуына байланысты 5 жолаушылар вагоны мен тепловоздың рельстен шығып кетуі орын алды.
Апат салдарынан 10 жолаушы қаза болып, 30 жолаушы ауыр, 55 жолаушы орта, 120 жолаушы жеңіл дәрежедегі жарақат алған. Осындай төтенше жағдайдан шығу үшін Өрт сөндіру, Қалпына келтіру пойыздары, Төтенше жағдайлар қызметі, басқа да құрылымдар шұғыл әрекет етіп, апатты жоюға 97 адам, 7 техника жұмылдырылған.
Қосұйым Мұқашев
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"