Әмбебап алаңдарды салудағы мақсат – халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың бос уақытын ұйымдастыру.
Естеріңізге сала кетсек, "Samruk-Kazyna Trust" қоры, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының, соның ішінде "Ембімұнайгаз" АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) атынан тұрғындардың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған қайырымдылық жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
"Қараша айының 17-23 күндері аралығында балалар мен үлкендерге арналған әмбебап алаңдар Атырау қаласының екі ірі мөлтек ауданы – Тұрғындар қалашығы мен Алмагүлде, сонымен қатар, ЕМГ-нің өндірістік құрылымдық бөлімшелері орналасқан үш елдімекен – Мұқыр, Доссор, Аққыстауда ашылды. Бұл алаңдар, "Менің елім" әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында, "Samruk-Kazyna Trust" қорының қолдауымен салынды", - деп атап өтті Атырау қаласының Тұрғындар қалашығы мөлтек ауданындағы алаңның ашылу салтанатына қатысқан ЕМГ Басқарма төрағасының орынбасары Сәлімжан Нақпаев.
Облыстағы салынған барлық 5 алаңның жалпы құны – 278 миллионнан астам теңгені құраған.