Қор басшысы "Kazakhstan Petrochemical Industries" интеграцияланған газ-химия кешені аясында полипропилен өндіретін зауыт құрылысы жөніндегі жобаның барысымен танысты. Ахметжан Есімов кешеннің құрылыс алаңдарын аралап, қазақстандық өндірушілерді жобаны іске асыруға барынша тартудың және кешенді мерзімінде іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Нысанның құрылысы 2021 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жоба жылына 500 мың полипропилен өндіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, А. Есімов "АтырауНефтеМаш" ЖШС мұнай және газ-химия салаларына арналған жабдықтар шығаратын зауытқа барды.
"АтырауНефтеМаш" ЖШС Бас директоры А. Донсковтың айтуынша, қазіргі уақытта бірегей және ең ірі жабдықтар – пропан/пропилен бөлінісінің ректификациялық колоннасын дайындау аяқталып жатыр. Бүгінде бұл Қазақстанда өндірілетін жалғыз жабдықтың мұнай өңдеу зауыттарында да баламасы жоқ. Келісімшарт бойынша колоннаны дайындауды аяқтау мерзімі – 2019 жылдың 13 қазаны.
Бұдан тыс, Қор төрағасы, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мұнайды терең өңдеу кешенінің өндірісімен танысты. Сапар барысында Басқарма төрағасы өндірістік персоналдың техникалық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар қабылдаумен қатар, жабдықтарды пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сапар барысында делегация хош иісті көмірсутектер өндірісі мен мұнайды терең өңдеу кешендерінің жаңа қондырғыларын көрді. Бұдан басқа, кәсіпорын басшысы персоналды дамыту бойынша әлеуметтік бағдарламалар туралы қысқаша айтып берді. Атап айтқанда, кәсіпорында дуальды оқыту, "Жас маман", "Lean 6 Sigma" және басқа да бағдарламалар, зауытшыларға арналған тұрғын үй құрылысы туралы баяндалды.
А. Есімовтің айтуынша, 2018 жылы аяқталған Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту нәтижесі сөзсіз бар. Мұнай өңдеу тереңдігі 2018 жылдан бері 68%-дан 2019 жылы 85,5%-ға дейін артты. Сонымен қатар, ол, білікті қызметкерлерді даярлау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Қордың қоржындық компаниялары Маңғыстау облысы бюджетінің 38%-дан астамын құрайды.
Атап өткен жөн, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған қатысып, мұнайшыларды төл мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, мұнай-газ саласын дамыту жөнінде өткен кеңесте Мемлекет басшысы мұнай экспорты сияқты өзекті мәселелер тұрғысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жасаған ұсыныстарды қолдау керектігін нұсқады.