Дөңгелек үстел басында 200-ден астам қатысушы, Қазақстан және жақын шетел ЖБО мен колледждерінің өкілдері жиналды. Шараның негізгі міндеті Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласы үшін мамандарды тұрақты дайындау процесін құру болды.
Осылайша, KPI пайдалану персоналын даярлау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Жаңадан қабылданған қызметкерлер, атап айтқанда, технологтар "Шуртан ГХК" ЖШҚ (Өзбекістан) өндірістік тағылымдамадан өтті. Инженерлік-техникалық құрам "Полиом" ЖШҚ Омск полипропилен өндіру зауытында (Ресей) практикадан өте отырып, Уфим мемлекеттік мұнай техникалық университетінде және Омбы өнеркәсіптік-экономикалық колледжінде полимерлеу процестері бойынша оқудан өтті. Қызметкерлер Атырау МӨЗ-де тәжірибеден өтуде. Мамандардың тағылымдамасы Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Румынияның осы сияқты кәсіпорындарында, сондай-ақ Lummus Catofin және Novolen process технологиясы бойынша шетелдік ұқсас зауыттарда жалғасатын болады. KPI барлық қызметкерлері өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша курстардан үнемі өтіп тұрады.
Бүгінгі күні жұмысқа қабылданған техниктер санының 95%-ын жастар құрайды. Олардың 46-ы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері (40– ҚР, 5–Уфа (РФ), 1-Франция).
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының өңдеу және маркетинг жөніндегі орынбасары – "KPI Inc." Басқарма төрағасы Тиесов Данияр ғылыми орта өкілдеріне С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында Қазақстанның газ мұнай-химиялық саласына химик-технологтарды дайындау үшін оқу орталығын құру туралы ұсыныс жасады.
"Полипропилен өндірісі және оқу бағдарламаларына "Полимерлеу процесінің теориялық негіздері", "Мұнайхимиялық синтез технологиясы", "Полимерлер өндірісінің технологиясы" сияқты пәндерді енгізу үшін мұнай саласының химиктерін мақсатты түрде даярлау қажет. Бұл жоғары оқу орындары мен оқу-білім беру орталықтары тарапынан әрбір нақты өндіріс үшін ерекшелікті ескере отырып, оқыту бағдарламаларын әзірлеу мәселесіне ерекше ден қоюды талап етеді" — деп айтты.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша KPI мен Шуртан ГХК (Өзбекстан) арасында, KPI мен Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Ресей) арасында Стратегиялық әріптестік туралы меморандумға және С. Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті және KPI арасында оқу орталығын құру туралы келісімге қол қойылды.