Жобаны түзету жобалық-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) кешенді аудитінің нәтижелеріне байланысты болып отыр. Осы жолы бұрын бекітілген құжаттың барлық кемшіліктері ескерілді. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтар оңтайландырылды, жетіспейтін жабдықтар енгізілді, ластаушы заттардың шығарындыларын ластау көздерінде және санитарлық-қорғау аймағының периметрі бойынша автоматты бақылау жүйесі енгізілді.
Тыңдауға аудан тұрғындары, республикалық қоғамдық табиғатты қорғау ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеппен танысты. Құжат жобалық-сметалық құжаттаманың Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты ашады. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсердің алдын алуға, азайтуға және жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар жоспары ұсынылған.
Жаңа газ өңдеу зауытында кәсіпорынның қоршаған ортаға және жақын маңдағы елді-мекен тұрғындарының денсаулығына әсерін азайтуға көмектесетін заманауи технологиялар қолданылады.
Тыңдау барысында жобаның әлеуметтік маңыздылығы да айтылды. Оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру және Қазақстанның ішкі нарығында тауарлық газдың ресурстық базасын арттыруға баса назар аударылды.
Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы ecoportal.kz порталында орналастырылады.