Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталатыны хабарланып отыр: "Үздік желілік мұнайқұбыршы", "Үздік электр-газ дәнекерлеушісі", "Үздік тауар операторы", "Үздік химиялық сараптау зертханашысы", "Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі", "Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі", "Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері", "Үздік мұнай айдау станциясының операторы".
Байқау қатысушыларының жұмыстары теориялық дайындық, тәжірибелік біліктілік, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстану және тағы басқа өлшем арқылы бағаланбақ.
Дүбірлі додада "ҚазТрансОйл" компаниясынан Құлсары мұнай құбыры басқармасының "Прорва" мұнай айдау станциясының химиялық сараптау зертханашысы Айман Сисекенова; Атырау мұнай құбыры басқармасының Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының тауар операторы Үсер Дәрібай; Павлодар мұнай құбыры басқармасы мұнай айдау станциясының операторы Антон Артюшенко; Құлсары мұнай құбыры басқармасы апатты қалпына келтіру пунктінің желілік мұнайқұбыршысы Рүстембек Жылкелдиев; Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының электр-газ дәнекерлеушісі Рашид Бақтығалиев; Атырау мұнай құбыры басқармасы релелі қорғаныш аппаратурасы және автоматиканы жөндеу жөніндегі электрмонтері Антон Ползяков; Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі Нұрмұханбетәли Лұқпанов, Атырау мұнай құбыры басқармасы, автоматтандырылған басқару жүйесі телімнің бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі Айдар Аманғалиев бақ сынайтыны мәлімделуде.
Халықаралық "Үздік маман" мұнайқұбыршыларының байқауы 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді. Мақсат – еңбек адамдарының абыройын және мамандардың біліктілігін арттыру.