Сессияға 100-ден аса сала мамандары қатысты.
Шара «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, «Ембімұнайгаз» АҚ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ортақ ұйымдастыруымен өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ үшін технологиялық тапсырмаларының тізімі қалыптастырылды. Олардың қатарында - жоғары тұтқырлы мұнай кеніші, ескі кен орындарының төмен табыстылығы, жөндеу-оқшаулау жұмыстарының тиімсіздігі, суды тазалау мен дайындау және тағы басқа.