К 30-летию Независимости Казахстана | 17 ақпан 09:31

Атыраудағы көпбалалы аналарға кәсіп үйреткен тың жоба

Атырауда көп балалы 100 ана «Әрекет» жобасының аясында жаңа кәсіптерді үйренуде. Өткен жылы басталған бұл жобаның тиімділігі- мұнайлы өңірдегі көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға қамқорлық жасап, олардың тұрақты табыс көзімен қамтылуына мүміндік орнату.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен болған жобаға қолдау көрсетіп отырған ірі компаниялардың бірі – «Ембімұнайгаз» АҚ.

 

«Ембімұнайгаз» компаниясы ірі мұнай кәсіпорны ретінде өзінің ел алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін терең сезінеді. Осы орайда «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен аймағымызда қолға алынған «Әрекет» жобасының бүгінгі нәтижесі бәрімізді қуантып отыр. Себебі барша «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан көрсетілген қолдаудың арқасында үйде отырған атыраулық 100 жұмыссыз әйелге өз кәсібімен айналысып, табыс табуына мүмкіндік берілді. Тіпті жалғызбасты, көпбалалы аналар, ерекше бала тәрбиелеудегі 30-дан астам нәзік жанның қазірдің өзінде шаруасын бастап әкеткені еріксіз сүйсіндіреді», – деді жоба түлектеріне сертификаттар табыстау рәсімінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының орынбасары Рысты Тасмағамбетова.

 

Атырау облысының барлық аудандарында және облыс орталығы Атырау қаласының шеткі елді мекендерінің тұрғындарын қамтыған аталмыш бастамаға «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобының атынан 48 миллион қаражат бөлінді.