Атыраулық теміржолшылар ағымдағы жылдың қыркүйегінде бастау алған «Цифрлы трансформация» бағдарламасының «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – «Батыс өңіріндегі пойыздар қозғалысын басқару орталығын құру» маңызды жобаларының бірінде жұмыс істейтін болады. Оның шеңберінде бес өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал, Қызылорда диспетчерлік орталықтары біріктіріледі.
Аталған оқиға – Қазақстан темір жолы үшін маңызды да тарихи. Тасымалдауды автоматтандыру процесі Компанияның дамуына қомақты үлес қосады. Пойыздар қозғалысын басқару орталығы 3 кезенде жүзеге асырылады және де оны 2021 жылдың шілдесінде сынақтық тәжірибеден өткізу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде ПБО ұжымдық пайдалану таблосынсыз (ҰПТ) іске қосылады. Екінші кезенде ҰПТ бағдарламалық қамтусыз (БҚ) пайдаланылады. Үшінші кезенде – ҰПТ мен БҚ пайдаланылады, аталған кезең 3 айды құрайды.
Өзге қалаға көшу, жағымды эмоциялар мен зерттелмеген жаңа көкжиектер жалпы атмосфераға әсер етті. Сонымен, ең жас пойыз диспетчері Әсет Қаменов былай атап кетті: «Бірінші ауысым штаттық режимде өтті, жұмыс орындарында барлық қажетті жағдайлар жасалған, бөлмелер жарық, жайлы, ауабаптағыштар орнатылған, тамақтанатын бөлме де бар».
Пойыздар қозғалысын басқарудың негізгі әлеуеті персоналдың біліктілігі болып табылатындығы есепке алынып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбек ресурстарын қайта құрылымдау мәселелерін шешу үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Мысалы, әрбір қызметкермен байланысты қамтамасыз ету үшін кәсіподақтың қатысуымен арнайы комиссия құрылып, Персоналмен өзараәрекет ережесі бекітілді.
Ақтөбе қаласына көшіп баруға келісім берген қызметкерлер «шақыртылған қызметкер» статусын алып, оларға қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшкен кездегі баспананы жалға алуларына, багаж алып жүруге және жаңа жұмыс орынына баруда өтемақы алуға құқық беріледі. Егер ауыстырылған кезде қызметкер айлық жалақысында төмен алса, онда оның бұрынғы қызметіндегі айлық жалақысы 1 жыл сақталады.
Қайта орналастырудың кезеңдік жоспарына сәйкес бірінші болып Ақтөбеге, Орталыққа ауысуға келісім берген қызметкерлер Атыраудан, келесіде Маңғыстаудан және соңғылары болып Қызылордадан келе бастайды.
Ақтөбе қаласына көшуден бас тартқан қызметкерлерге олардың кірістерін сақтап қалу үшін балама нұсқалар: өз өңірлеріндегі жұмыс орындарын таңдау, ерте зейнеткерлікке шығу ұсынылғандығын атай кеткен жөн. Осылайша, компания жүзеге асырылып жатқан жобалар шеңберінде персонал саның ауыртпаулықсыз оңтайландыру өткізуді мақсат тұтып отыр.
Теміржол көлігінде 30 жылдан астам еңбек өтілі бар Бибіжан Құдайбергенқызы Дуатова өз ойын былайша жеткізді: «Негізгі контингент – бұл жас мамандар, әрине, барлығына үлкен жауапкершілік артылады, өйткені аталған жобаның бастапқы сатысында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін команданың үйлесімді жұмысы қажет».
Пойыздар қозғалысын басқару өңірлік орталығын құру пойыз жағдайын орталықтан басқаруды қамтамасыз ететіндігін және пойыздар қозғалысын басқаруда барлық мәліметтер бірыңғай «ұжымдық таблода» көрсетілетіндігін қаперге саламыз. Нәтижесінде, бағыттамалы бұрмалардың, бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы ақпараттар алу мен жөнелту процесі, пойыздардың жақындауы автоматтандырылады. Пилоттық полигонды жүзеге асыру тасымал процесін екідеңгейлі басқаруды қамтамасыз етіп, локомотивтер мен вагондардың кепілді иық тіреуіне, транзиттік пойыздардың бағыттық жылдамдықтарын арттыруға, сондай-ақ диспетчерлік айналымды қысқартуға мүмкіндік береді.