Бұл ретте жүк жөнелтушілер қарашаның екінші онкүндігінде тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айыппұлдардан босатылды.
Баяу түсіру Алашаңқай станциясындағы жолдарды қайта жаңартумен байланысты, сондай-ақ ауа райы жағдайлары да әсер етті. 31 қазаннан 10 қарашаға дейін Достық және Алашаңқай станцияларында желдің екпіні 26-28 м/с дейін жетуде. Желдің күшеюі түсіру терминалдарының жұмысын қиындатуда.
Достық және Алашаңқай станцияларының қызметкерлері табиғи әсерді барынша азайту, тасымалдардың қауіпсіздігі мен уақытылығын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдауда.