К 30-летию Независимости Казахстана | 23 шілде 12:07

Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты

Вице-премьер Серік Жұманғарин Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясымен бірге Бейнеу астық терминалына барып, оның жай-күйімен және қуаттымен танысты. 

Маңғыстау облысының аумағында орналасқан ауданы 26 га болатын Бейнеу терминалы Қазақстан-Түрікмен шекарасына тікелей шыға алады. Бұл 8 км теміржол жолдары мен өзінің жылжымалы құрамы бар перспективалы логистика хабы.

Терминал бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтай алады, күніне 500 вагонға дейін қабылдап, жылына 2 млн тоннаға дейін буып-түйілген күйде астық таситын көліктермен жібере алады. Болашақта оның қуаты кеңейтілетін болады.

Сонымен қатарі ауған өкілдері Азық-түлік корпорациясының басшысы және Бейнеу терминалының басшылығымен терминал арқылы астық жеткізу перспективасын талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық бидайды Бейнеу терминалы арқылы Ауғанстан мен Пәкістанға экспорттаудың негізгі және тұрақты бағытын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Жоспарды іске асыру үшін шекара маңындағы аумақтарда қосымша қойма, үй-жайларын салу және Түрікменстан аумағы арқылы логистиканы жолға қою талап етіледі. Мүдделі тараптар қазақстандық астықты жеткізудің жаңа экспорттық бағытын құруды егжей-тегжейлі пысықтауға ниетті.