ҚБМ басшылығы қызметкерлердің пікірі мен құқықтық мүмкіндіктерін бірлесе талқылай отырып, бір ай ішінде өндірістік қажеттілікті ескере отырып, кен орнындағы (Қаражанбас кен орнында) аутстаффинг жұмысшыларын ҚБМ штатына кезең-кезеңімен қабылдау мәселесін қарайды.
Оның аясында бір ай ішінде конкурстық негізде қабылдау мен ҚБМ конкурстық комиссиясының құрамына ISR өкілін енгізу арқылы ҚР заңнамасына сәйкес 5 жыл көлемінде кезең-кезеңмен көшудің шарттары мен тәртібінің тұжырымдамасын әзірлей отырып, талдау жүргізіледі. Басшылық бірлесе әзірленген ұсыныстар бойынша мәселені аталған мерзімде шешу үшін ҚБМ акционерлеріне жүгінеді.
Сонымен қатар, ISR-дің Қаражанбас кен орнындағы 44 қызметкерінің жалақысын ҚБМ-ның штаттағы жұмысшыларының еңбекақысымен теңестіру туралы мәселе, оның ішінде аутстаффингтен басқа объектілерге (құрылымдық бөлімшелерге) ауыстыру мүмкіндігі қаралады.
Қазір кен орнында жағдай реттелді. Барлық өндірістік нысандар мен жұмысшылар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.