К 30-летию Независимости Казахстана | 10 желтоқсан 15:25

Ауылдық жерлердегі «Қазпошта» бөлімшелері мемлекеттік қызметтер көрсетуі мүмкін

Ауылдық жерлердегі «Қазпошта» бөлімшелеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету функциясы жүктелуі мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. 

Оның атап өтуінше, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің саны мен орналасуының қолданыстағы талабы елді мекендерге арналған Өңірлік стандарттар жүйесінде бекітілген. Қазіргі уақытта серіктес ұйымдардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тартылатындығына байланысты аталған нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу жоспарланбаған.

— Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инфрақұрылымы жоқ елді мекендерде мемлекеттік қызметтердің қолжетімді нүктелерін арттыру мақсатында «Қазпошта» АҚ-тың филиал желілерін пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатыр. Аталған ұйымның шамамен 2 мың пошта бөлімшесін қамтитын ауылдық жерлердегі ауқымды пошта желісіне иелік ететіндігін ескер отырып, сол нысандарды мемлекеттік қызметтер көрсетуге пайдалану мүмкіндігін қарастыру жоспарланған, — деді Роман Скляр.