Пойызды KISS технологиялық платформасы негізінде Stadler құрастырған. Оны 2024 жылдың қыркүйегінде Берлинде өткен InnoTrans халықаралық көрмесінде көрсеткен.
Екі қабатты Cityjet алты немесе төрт вагонға арналған, сәйкесінше 591 немесе 371 орындық, кең көп функционалды аймақтары бар (алты вагондық пойызға 60 велосипедке дейін сыяды) және барлық талаптарға жауап береді. Аталған пойыз сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді.
Австриядағы теміржол жолаушылар тасымалының көлемі үнемі өсіп келеді, сондықтан ÖBB жылжымалы құрам паркін жаңартуда.
Атап айтқанда, елдің шығыс өңірінде шамамен 1,5 миллиард еуроға тасымалдау үшін Stadler компаниясына 109 екі қабатты Cityjet пойызына тапсырыс берілді. ÖBB 2030 жылға қарай шамамен 330 жаңа пойыз сатып алуға жұмсаған жалпы инвестициясы 6,1 миллиард еуроны құрайды.