Вагондар айналымын жеделдету үшін Бершүгір – Орал, Кардон, Темір, Сайқын, Жәнібек учаскелері бойынша және Мұғалжар – Ноғайты, Бестамақ бағыттары бойынша тиеу – түсіру пункттерін жалғайтын 11 айналма маршрут (жылжымалы құрамның тұйық контур бойынша жүруі) ұйымдастырылды. Вагондарды жылжыту, вагондарды кірме және станциялық жолдарға уақытылы жеткізу, беру, қою және жинау бойынша тәуліктік бақылау орнатылды.
Батыс Қазақстан облысының автожолдарын салу және күрделі жөндеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде автожол саласының объектілеріне, сәуір және мамыр айларында темір жол көлігімен 410 мың тоннадан астам қиыршық тас тасымалданды. Маусым айында жүк жөнелтушілер 240 мың тоннадан астам жүк тасымалдауға өтініш берді. Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалып жатыр.