К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қазан 10:05

Автокөлік жеткізуде Shuttle сервисі қолданылады

KTZ Express Қазақстан арқылы Қытайдан Ресейге автомобильдерді жеткізудің тұрақты shuttle сервисін іске асырады, деп хабарлады rail-news.kz. 

Бүгінгі таңда аталған компания темір жол арқылы Қытайдан Қазақстанға автомобильдерді жеткізу жобасын Орталық Азиядағы ең ірі транзиттік хаб – KTZEKhorgos Gateway терминалы арқылы жүзеге асыруда. Осы жылдың басынан бастап Қытайдың Шығыс провинцияларынан (Уху, Санпин, Ухань, Бейтанси станциялары) Chevrolet, MG, Chery, Changan және т.б. маркалы 18 мыңнан астам автомобиль жеткізілді. Орташа есеппен алғанда бұл ай сайын 2900-3000 көлік деген сөз. Shuttle-дың белгіленген кестесі есебінен басқа станцияларда қайта тіркеусіз қызмет жеткізу мерзімі қысқарады және 30 вагон-автосеткадан тұратын 10 контейнерлік пойызды жөнелтуге мүмкіндік береді.  

Еске сала кетсек, «KTZ Express» АҚ Мультимодальдық көлік-логистикалық компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялары топтарының көлік-логистикалық қызметтерінің бір терезеден қызмет көрсететін орталығы болып табылады және «KTZ Express» АҚ барлық хабарлама түрлері бойынша толық көлік-логистикалық қызметтерді көрсетеді, темір жолмен, теңіз, әуе және автокөлікпен, порттық және әуе инфрақұрылымын, қойма желілері мен терминалдарды пайдалану арқылы тасымалдауларды жүзеге асырады.