К 30-летию Независимости Казахстана | 14 шілде 08:00

«Автоматты депо». Жаңа жоба технологиялық тәртіпті арттырады

«Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде Атырау және Алматы қалаларындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС вагон депосында іске қосылады. Жоба сәтті нәтиже көрсеткен жағдайда тәжірибе басқа вагон кәсіпорындарына да таратылады.

«Тексерушілер мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру барысында анықталған ақауларды тіркеп, вагон операторының порталына деректерді жібере және кері байланыс ала алады. Құрамды қарау қорытындыларын келісу осы порталда жүзеге асырылатын болады. Вагон шаруашылығы жұмысына жаңа технологияны енгізу персоналдың технологиялық тәртіп деңгейін арттырады және жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын жақсартады", – деп атап өтті Қанат Көбесов.

Порталда ауысым мен тәулік үшін вагон депосының қызметі бойынша өспелі есептілік қалыптастырылады. Тәжірибені басқа вагон қызметтеріне таратқаннан кейін бүкіл ел бойынша бір депо, сондай-ақ вагон шаруашылығы бойынша талдау жүргізу үшін орталықтандырылған деректер базасы құрылатын болады.