Яғни шаһардағы жалғызбасты тұрғындар мен қарт адамдардың үйлерін қардан тазалап беру үшін әрбір мекеме көмек қолын созуы тиіс. Бұл ретте аталмыш қайырымдылық челленджін қолға алған ТЧЭ-25 мекемесінің теміржолшылары көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне барып, аулаларын басқан қалың қарды шығарып берді. Ол үшін тіпті арнайы техника да жалдапты. Сол тәрізді олар қоғамдық орындар мен көшелерді де қардан аршуға атсалысты.
Бұл ретте теміржолшылар бастамасына алғаш болып үн қатқан әскерилер көмекке келді. Осылайша, автокөлік жолдары да қар құрсауынан аршылып жатыр. Локомотившілер болса челлендж кезегін әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы өңірдегі мәдениет саласы қызметкерлеріне жолдады.
Айта кетер болсақ, теміржолшылар шаһарындағы биылғы қардан тазарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.