К 30-летию Независимости Казахстана | 14 желтоқсан 10:29

«Айтұмар» балалар әдебиеті байқауының жеңімпаздары марапатталды

Байқаудың бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы.

Жүлде қоры 12 300 000 теңгені құрайтын байқауға поэзия, проза және драматургия бағыттары бойынша 200-ге тарта шығарма келіп түсті.

Оның ішінде әр жанр бойынша 6 адамнан жеңімпаз деп танылып, әр аталым бойынша І орын (біреу) – 1 000 000 теңге, ІІ орын (екеу) – 800 000 теңге, ІІІ орын (үшеу) – 500 000 теңге табысталды.

Нәтижесінде проза жанры бойынша І орын Арман Әділбекке, ІІ орын Мейіржан Жылқыбай мен Зиядибеков Нұрасылға және ІІІ орын Мереке Айсәуле, Әбдіманап Дана, Қарлығаш Сарбаеваға бұйырды.

Поэзия жанры бойынша І орынды Мерей Қарт, ІІ орынды Айдана Бейсен, Асылан Тілеген және ІІІ орынды Мұқағали Кенжетай, Айдана Сегізбай, Нұрбибі Аязбай иеленді.

Драматургия бойынша І орын Назерке Құмарғалиеваның, ІІ орын Әлібек Байбол мен Жансерік Құттыбаевтың және ІІІ орын Жәнібек Қойтай, Рахат Әлішер, Ықылас Шалғымбайдың еншісіне бұйырды.