Аталған шараны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті өндірістік қауіпсіздік басқармасының бастығы Айса Өтепов ашып, семинарға қатысушыларға бүгінгі таңдағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай мәселесінің өзектілігін түсіндірді.
Төтенше жағдайдың туындау ықтималын азайтуға, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жыл сайын жеке құжат түрінде әзірленеді. Аталған іс-шаралар жоспарында тізбесі, болжамды көлемі, мерзімдері және ТЖ туындауының алдын алу немесе азайту бойынша оларға жауапты тұлғалар бекітіледі.
Семинар барысында ТЖ жағдай кезіндегі іс-қимылдарды әзірлікте ұстау, авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық мәселелері талқыланып, іс-қимыл жоспарына біршама өзгерістердің енгізілетіні нақтыланды.