Жиынға Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті, Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК, «Қазавиақұтқару» АҚ, отандық авиакомпаниялардың және Қазақстан Республикасы әуежайларының қызметкерлері қатысты.
Департамент директоры Н.С. Малаев өткізілген мәжіліс шеңберінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың саны, ұшулардың жиілігі мен мақсаты туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 942 әуе кемесі тіркелген. Жылына орташа ұшу сағаты 250 000 сағатты қамтиды. Жалпы алғанда жыл сайын ұшақтардың саны да, ұшу сағаттары да өсу үстінде.
Айта кететін жайт, 2022 жылдан бастап авиациялық оқиғалар саны азайып келеді. Екі жылда төмендеу көрсеткіші 34%-ды құрайды.
Мәжілісте авиациялық оқиғалар туралы жедел хабарлауға, тергеу нәтижелері бойынша ұсынылатын түпкілікті есептердің сапасына, функционалдық жауапкершіліктер мен тергеуді ұйымдастыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуге, авиациялық оқиғалардың қайталанатын себептерін жою жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуге және авиациялық оқиғаларды қасақана жасыруға жол бермеудің алдын алу шараларын күшейтуге аса көңіл бөлінді.
Отырысқа қатысушылар Департаменттің құрамына отандық және шетелдік авиакомпаниялардың, әуежайлардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өкілдік ететін халықаралық ұйымдардың өкілдері кіретін авиациялық оқиғалар мен оқыс-оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша сарапшылардан құралған Жұмыс тобын құру туралы бастамасын қолдады. Жұмыс тобының платформасы мемлекеттік органдар мен азаматтық авиация саласы арасындағы тергеп-тексеруді ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимылды жақсартуға көмектеседі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Департамент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенциясының 13-қосымшадағы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерін енгізу және қолдану міндетін алады, бұл өз кезегінде 2021 жылғы халықаралық ИКАО аудиторларының валидация миссиясының нәтижелері бойынша көрсетілген көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибені зерделеу және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Департамент 2025 жылдың шілдесінде ИКАО аясында өтетін авиациялық оқиғаны тергеу бойынша семинар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Семинарға МАК (РФ), NTSB (АҚШ), BEA (Франция), ATSB (Австралия), TSBC (Канада) және т.б. елдерінің авиациялық оқиғаларын тергеу бойынша жетекші халықаралық ұйымдары шақырылатын болады.