Жиынды азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай тобының жетекшісі Азамат Якиев ашып, ТҚЕҚ және өртке қарсы қызметінің жетекшісі Алтынбек Қазтұрғанов қоғам қызметкерлеріне арнап өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау өткізді.
Төтенше жағдайлар департаменті, Азаматтық қорғаныс саласының офицері Бектас Мұратов қоғам қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың алдын алуға және жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.
Азаматтық қорғаныс саласы біздің компаниямыз үшін аса маңызды бағыттардың бірі ретінде қызметкерлердің қауіпсіздігі мен Компаниямыздың тұрақтылығына да тікелей әсер етеді. Осы орайда бүгінгі дәріс қоғам қызметкерлерінің Азаматтық қорғаныс саласындағы білімі мен дағдыларын пысықтауына, келелі ақпарат алуына мол мүмкіндік сыйлады.