Бұл жоба электр энергиясын, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінен ірі ауқымда генерациялауды желіге интеграциялауға, елдің оңтүстігінде электр энергиясын жеткізуді күшейтуге және тұрақтандыруға, сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алу қағидаларының конкурстық рәсімдеріне сәйкес таңдалған мердігерлер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кейіннен жалпы ұзындығы 475 км екі 500 кВ электр жеткізу желісін салуды, сондай-ақ 500 кВ «Шу», «Жамбыл» және «Шымкент» үш қосалқы станциясын реконструкциялауды және кеңейтуді көздейтін құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындайды.
Осы кредиттік келісімді жасасу халықаралық қаржы институттарының «Самұрық-Қазына» АҚ тобының сатып алу рәсімдеріне, сондай-ақ халықаралық листингілік компанияларға сәйкес келетін KEGOC қызметіне деген сенімін растайды.