К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 14:30

Балабақша немесе мектеп ақысын Kazpost арқылы қалай төлеуге болады?

Бұл үшін арнайы кезекке тұрудың еш қажеті жоқ.

«Балабақша немесе мектеп қызметтеріне ақы төлеу керек пе? Енді кезекте тұрудың және уақытты ысырап етудің қажеті жоқ! Аталған төлемдерді үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, post.kz арқылы жүргізіңіз» деп хабарлады Қазпошта Instagram желісінде.

Мұны қалай жасауға болады?

Қосымшаға немесе post.kz сайтына кіріңіз; «Төлемдер» мәзірін таңдаңыз; «Балабақшалар және білім беру» бөліміне өтіңіз; Қаланы таңдаңыз; Балабақшаны немесе мектепті таңдаңыз; Өрістерді толтырыңыз; Төлемді жүргізіңіз.

Ескерту: Төлемді алдын ала, қызметтерді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей жүргізу қажет.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от ҚАЗПОШТА | KАZPOST | КАЗПОЧТА (@kazpost)