К 30-летию Независимости Казахстана | 24 марта 11:28

Балалар Бурабайға электр пойызбен сапар шекті

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Бурабай даму» ЖШС бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлады Rail-news.kz.

20-ға жуық ерекше бала ата-аналарымен бірге ұлттық нақышта безендірілген «Наурыз» электр пойызымен экскурсияға аттанды.  

Балалар курорттық аймақтың көрікті жерлерін: хайуанаттар бұрышын, Абылай хан алаңындағы мультимедиялық интерактивті кешенін, «Бурабай» пантоемдеу орталығын аралады.