К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қараша 15:20

Балалар неше жастан бастап пойызбен жалғыз қатынай алады?

Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пойызға жалғыз мінуіне рұқсат жоқ. 

Rail-News.kz хабарлауынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды ата-анасыз, ересектердің қарауынсыз пойызбен жалғыз жіберуге болмайды.

«Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидасы» бойынша, 15 жасқа толған балалар ғана өздігінен саяхаттай алады. Ал, жасы 15-ке толмаған балалар ата-анасының немесе туыстарының қарауынсыз өздігінен пойызда жүре алмайды.  

Баланы пойызбен туыстары алып жүретін болса оған сенімхатты нотариалды түрде куәландыру қажет болады.  

Пойыз билеттері, баланы тасымалдау құқығына сенімхат, сондай-ақ кәмелетке толмаған жолаушының туу туралы куәлігі – осы құжаттардың бәрі пойызға отырғызу кезінде жолсерікке ұсынылуы керек.