Балалар мен жасөспірімдерде коронавирус инфекциясы көп жағдайда жеңіл түрде өтеді. Бірақ қазірдің өзінде балалардың көпшілігінде мультижүйелік қабыну синдромы (МВС) дамуы мүмкін. Бұл синдром кейде ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Мультижүйелік қабыну синдромы кезінде қабыну ми, бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе, көз секілді әртүрлі мүшеге әсер етуі мүмкін.
Әзірге бұл синдромның тікелей қалай әсер ететіні белгісіз. Алайда қазірдің өзінде мультижүйелік қабыну синдромы бар көптеген балалардың ағзасында Covid-19 тудыратын вирус бар немесе олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынасты болған. Бұл синдром өте ауыр өтуі мүмкін, тіпті өлімге де әкеп соғуы мүмкін. Десе де осындай диагноз қойылған көптеген баланың денсаулығы медициналық көмектің арқасында қалпына келеді. Осы орайда Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының коронавирустан кейінгі синдромның балаларда қалай өтетінін түсіндірді.
Баладағы мультижүйелік қабыну синдромы белгілері қандай?
Егер сіздің балаңыздан мультижүйелік қабыну синдромы белгілерінің кемінде үшеуі байқалса міндетті түрде дәрігерге хабарласыңыз:
дене ыстығы көтерілсе; іш ауырса; құсса; іші өтсе; мойыны ауырса; денесі бөртіп кетсе; көзі қанталаса; ерекше шаршаса;Барлық балада белгілердің бірдей бола бермейтінін есте сақтаңыз. Егер сіздің балаңызда мультижүйелік қабыну синдромының осындай алаңдататын белгілерінің бірі немесе басқа да көрсеткіштері болса, дереу жедел жәрдемнің көмегіне жүгіну керек:
дем алысы қиындаса; ауырсыну немесе кеудесін басып тұрған сезім басылмаса; ояна немесе серги алмаса; әркімнің терісінің түсіне қарай тері, ерін және тырнақ түстерінің бозғылттанып, сұрланып немесе көгеріп кетсе; іш қатты ауырса."Ұзақ мерзімді" Covid-19 синдромы балаларда қалай өтеді?
Бүкіл әлемдегі педиатрлар мен отбасылық дәрігерлердің бақылауыша, Covid-19 жұқтырғаннан кейін адамның жаттығуларға төзімділігі төмендейді. Буындары қақсайды, шаршау сезімі пайда болып, миы тұманданады.
"Ұзақ мерзімді" Covid-19 синдромымен қанша баланың зардап шегіп жүргені әлі белгісіз. Дегенмен зерттеулер Италияда ауырған балалардың 40%-ына дейін және Англиядағы балалардың 15-20%-ына “ұзақ мерзімді” Covid-19 белгілерінің әсер ететінін көрсетеді. ⠀ Бұрынғы коронавирус инфекциясымен байланысты ұзақ мерзімді симптомдары бар балаларда келесі жағдайлар болуы мүмкін:
мектептеті әр күнін қиналып өткізеді; шаршайды; назар аударуда проблемалар; сабақ оқу қиын болғаннан кейін әдеттегіден төмен бағалар алу; Covid-19-ға дейінгі деңгеймен салыстырғанда дене шынықтыру көрсеткіштері мен жетістіктерінің төмендеуі; спортпен шұғылданған кезінде шамадан тыс әлсіздік немесе тыныс алудың қиындауы; ересек балалар жай-күйін “бірдеңе дұрыс емес” деп сипаттауы мүмкін, сонымен қатар олардың мінез-құлқы мен көңіл-күйі өзгеруі мүмкін; кішкентай балаларда күнделікті ісүми-шараларға қатысудан бас тарту сияқты аса байқала бермейтін белгілер болуы мүмкін. Сондықтан әдетте ойын алаңында тоқтамай жүгіріп жүретін бала орындықта отырғанды қалап және басқаларға қарап отыруды ұнатса ата-анаға мұқият болған абзал.Ата-ана баласынан коронавирус инфекциясының “ұзақ мерзімді” белгілерін байқаса дәрігерге жүгіну керек.
"Балаңыздың мінез-құлқын мұқият бақылау маңызды. Осы белгілердің уақыт өте келе қалай дамитынын және оған ерте араласудың денсаулықты қалпына келтіруге қалай әсер ететінін түсінуге бағытталған зерттеулер жалғасып жатыр. Балаңызда бұрын расталған Covid-19 инфекциясы болмаса, сондай-ақ мектепте немесе отбасында коронавируспен ауырған адаммен ұзақ уақыт араласса бала аурудың симптомсыз түрін басынан өткеруі мүмкін", – деп мәлімдеді Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы.
Дәрігерлер коронавирустан кейінгі синдромның нақты дәлелденген емі жоқ екенін айтады. Десе де құнарлы тамақтану, жақсы ұйқы және тұрақты дене қозғалысы ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі. Осыған байланысты зерттеу әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Информбюро