7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар пойызбен тек балалар билеті арқылы ғана сапарлай алады. Балалар билеті ересектерге арналған жолақының 50 пайызын құрайды. 15 жастан асқан балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді. Олар пойызда өздігінен сапарлай алады, алайда бұл жағдайда ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша рұқсаты болуы міндетті.
Мемлекетаралық бағыттарда балаларды тасымалдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады: – 5 жасқа дейінгі балалар жеке орын берілмеген жағдайда тегін сапарлай алады; – 5 пен 10 жас аралығындағы балалар үшін арнайы балалар тарифі қолданылады; – 10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан аумағында жолақының 50 пайызын төлейді, ал шетел аумағында толық тарифпен жол жүреді.
Бала ата-анасымен бірге сапар шеккен жағдайда, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты ұсынылуы қажет. Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе, екі ата-ананың нотариалды куәландырылған жазбаша рұқсаты талап етіледі.
Сонымен қатар барлық бағыттарда балаларға арналған контенті бар мультимедиялық сервистер жұмыс істейді, ал вагон-мейрамханаларда кішкентай жолаушыларға бейімделген арнайы мәзір ұсынылады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және балалардың әрдайым ересектердің бақылауында болуын қамтамасыз етуге шақырады.
Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады.