Ботагөз Қыдырбайқызы мұнай мен газ өндіру ісінде 33 жылдық өтілі бар білікті маман, геология саласының майталманы. Еңбек жолын 80-жылдары Маңғыстау мұнайының қайнар көзі болған Жетібай кенорнынан бастаған. Өмірінің басым бөлігі Компания шежіресімен қоса өріліп келеді. Бүгінде ұлды ұяға қондырып, немере сүйген ақжаулықта әже, ардақты жар.
Қол өнерге деген құштарлығы бала кезінен оянған. Қыз күнінде анасымен бірге ағаш үй жабдықтарын даярлаумен шұғылданыпты. Апамыздың қолынан шыққан талай бау мен басқұр, алаша мен текемет бертінге дейін ағайын-туманың тігіп келген киіз үйлерінің көркін келтіріп тұрған-ды. Алайда, заман өзгеріп, тұрмыс араласқан соң ол өнер қазір артта қалды дейді. Дегенмен жаны өнерге жақын Ботагөз апа қызметі тұрақталып, қолы босңғыған осы мезгілде құр қарап отыра алмай, бос уақытын әсемдейітін сүйікті іс тауыпты – кәзір қолы қалт ете қалса, тас моншақтан кескіндеме тоқып, жаңа өнер түрін дамытып келеді.
Ендеше, тамашалаңыздар, назарларыңызға Ботагөз апаның өнері туралы дайындалған шағын бейнебаянымызды ұсынамыз.