К 30-летию Независимости Казахстана | 09 наурыз 09:11

«Барыс» елордада «Металлургтен» басым түсті

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен төртінші ойынын өткізді, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетелік, жеңістер сериясы бойынша «Металлург» командасы 2:1 есебімен алда тұрған болатын. Плей-офф сатысының Магнитогорскіде өткен алғашқы ойынында ресейлік клуб 7:3 есебімен жеңсе, одан кейін сол қалада болған тағы бір кездесуде «Барыс» овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті.  Ал 6 ақпанда елордада өткен кездесуде «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Бүгінгі ойында қос команда жеңіске жеиуге бар күшін салды. «Металлург» сапынан Николай Прохоркин 3-минутта есеп ашса, 19-минутта «Барыс» хоккейшісі Мэтт Фрэттин таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 24-минутта ресейлік Николай Голдобин қайтадан өз командасын алға шығарды. Ал 26-минутта елордалық Джесси Блэкер мергендік танытты.

Ойынның 52-минутында Роман Старченко гол соғып, аталған кездесуде «Барыс» алға шықты. Қазақстандық Кирилл Панюков 59-минутта жеңіс шайбасын соқты. Елордалық клуб қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Осылайша жеңістер сериясы 2:2 есебімен теңесті.

Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндеріне белгіленген.