К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қараша 09:33

«Барыстың» құрлықтық лигадағы позициясы жақсарды

Құрлықтық хоккей лигасында Шығыс конференция клубтарының қатысуымен кезекті матч өтті, деп хабарлайды Sknews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Барыс» буллиттер сериясында Линден Вей мен Никита Михайлистің шайбасының көмегімен минскілік «Динамоны» 3:2 есебімен жеңгені белгілі. «Салават Юлаев» өзінің мұз айдынында өткен матчта нижегородтық «Торпедоға» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал, «Нефтехимик» питерлік СКА-мен өткен матчта 2:8 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша, қазақстандық «Барыс» Шығыста өз орнын жақсартып, рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді. «Автомобилистерге» жету үшін (сегізінші орын) астаналықтар үш ұпай жинауы тиіс.