К 30-летию Независимости Казахстана | 05 марта 14:01

Басқарудағы тең мүмкіндіктер

 

Қазір Қордың портфельдік компанияларының директорлар кеңестері мен бақылау кеңестеріндегі әйелдердің үлесі 17%-ды құрайды. 2030 жылға қарай «Самұрық-Қазына» бұл көрсеткішті 30%-ға дейін арттыруды мақсат етіп отыр.

Атқарушы органдардағы көрсеткіштер де тұрақты сипатқа ие: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы бойынша әйелдердің үлесі - 10%. Қор компанияларында мансаптық өсуге тең мүмкіндіктер қарастырылған. Гендерлік немесе өзге де белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Қор үшін бұл – пікірлер мен тәжірибе алуан түрлілігі бағаланатын, әйелдер мен ерлердің өз әлеуетін толық жүзеге асыруына тең жағдай жасалған ортаны қалыптастыру.