Мұндай нәтижеге БМТ нысандарында 2025-2026 жылдары энергия тиімділігін арттыру және технологиялық процестерді оңтайландыру бойынша кешенді шаралардың жүзеге асырылуының арқасында қол жеткізілді. Жұмыстар технологиялық жабдықтарды жаңғырту мен жөндеуді, сондай-ақ өндірістік процестерді басқару тәсілдерін жетілдіруді қамтыды.
Негізгі бағыттардың бірі №2 теміржол құю-төгу эстакадасында мазутты қыздыру және құю-төгу процесін жаңғырту болды. Аталған эстакада 84 вагон-цистернаға дейін қабылдауға есептелген. Жүргізілген жұмыстар аясында энергияны көп қажет ететін мазутты құю-төгу процесі автоматтандырылды. Бұл жабдықтың жұмыс режимдерін оңтайландырып, энергия ресурстарына жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік берді.
Жаңа шешімдерді енгізу цистерналардан мазутты қыздыру және құю-төгу уақытын 7-10 сағатқа қысқартуға да мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде №2 теміржол құю-төгу эстакадасының өткізу қабілетін арттырды.
Іске асырылған шаралар БМТ-ның энергия тиімділігін арттыруға, энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға және өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Қол жеткізілген нәтижелер заманауи тәсілдерді технологиялық операцияларды басқару мен терминал жабдықтарын жаңғыртуға енгізудің нақты тиімділігін көрсетеді.