2023 жылғы қаңтарда жасалған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Abu Dhabi Ports Group арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыру шеңберінде «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ басшылығы («ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесімен 100% тиесілі) және «Батуми теңіз порты» ЖШҚ («Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға 100% басқаруға эксклюзивті құқықтар үлесі тиесілі) Abu Dhabi ports Group, «Қазтрансфлот» ҰТКҚК» ЖШС және «KMG Systems&Services» ЖШС өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Батуми теңіз порты мен Батуми мұнай терминалының нысандары таныстырылды. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін және Қара теңіз акваториясында мұнай тасымалдау мақсатында өндірістік қуаттарды ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.