«Байқауға арналған шығарманы әдейі жұмыста кеш қалып жазып шықтым. Үйге апарғанымда келіншегімнің көңілі босап, өзімнің де көзіме жас келді. Күйбең тірлікпен барды бағалай бермейміз ғой. Отбасы болған соң, ыстық-суығын бірдей бастан кештік, түрлі қиындықтарды еңсердік. Соның бәрі еске түсіп, бір күліп, бір жыладық.
Отау тіккенімізге 7 жыл болса, оған дейін 7 жыл қол ұстасып жүріптік. Қазір, шүкір, ұлымыз бен қызымыз өсіп келе жатыр, құрсақта тағы біреуін тосып отырмыз бұйырса. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда сыйласып өткенге не жетсін, шіркін! Әрине ерлі-зайыптылар өзара берік, адал болса, сын сағатта қол ұшын созудан аянбаса алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ», - дейді жарқын оқиға иесі ұқсас шаралар жиі шымылдығын түріп тұрса деген тілекпен.
Толығырақ "SK News" газетінің жаңа нөмірінде: https://sknews.kz/newspaper/read/sk-news-9-119