Ақпарат көзінің хабарлауынша, Мәжілістің экология және табиғатты пайдалану комитетінде қаралудағы "Байқоңыр" кешенін газбен жабдықтау жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы заң жобасы аясында уағдаластықтың құқықтық негіздері айқындалмақ.
Ал ғарышқа ұшу мекенін газбен қамтамасыз ету мәселесімен "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясы мен оның Қызылорда өндірістік филиалы айналысады делінуде.
Көгілдір отынның бағасы болса, қазақстандық тараптағы құзырлы органның тарифіне сәйкестеліп, есеп айырысу сол күнге ҚР Ұлттық банкі бекіткен бағам деңгейінде теңгеде немесе рубльде жүрмек. Нәтижесінде тұтынушылар біртіндеп арзан табиғи газға көшіп, екі жақтың да экономикасына тиімді әсер етеді деген үміт бар.