К 30-летию Независимости Казахстана | 29 маусым 11:41

Байланыс саласының «бағбаны»

Аймұрат Әуелбеков «Қазақтелеком» компаниясында 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазір ол Жергілікті желілерге техникалық қызмет көрсету орталығының Жамбыл желілік-техникалық цехының басшысы.

Аймұрат Әуелбековтың компаниядағы еңбек жолы 2003 жылы басталған. Алдымен Аймұрат Алматы облысы Жамбыл аудандық байланыс торабының электромонтері болды. Кәсіби тұрғыда шыңдала түскен соң ерекше дағды талап ететін кабельші-дәнекерлеуші мамандығына ауысты. 2010 жылы желі қондырғылары және абонент құрылғылары инженері мамандығын меңгерді.

Аймұрат әріптестерімен бірге ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын іске асыруға елеуді үлес қосты. Атап айтқанда, өз ауданының ауылдарына «оптика» тарту ісіне белсене атсалысты.

Жұмыстан тыс уақытта байланысшы Аймұрат бағбандықты ермек етеді. Қолы қалт етсе, бау-бақшасына кетеді, бұл жер кейіпкеріміз үшін нағыз медитация алаңы. Таң арайында гүлге оранған бақтың ортасында тұрып таза ауадан құмарлана тыныс алу әріптесіміздің бойына ерекше күш-қуат құяды.