К 30-летию Независимости Казахстана | 05 мамыр 08:25

«Бекет ата» Деринджеге бағыт алды

Кеме бортында 210 контейнер жүк бар.

Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту үшін Ақтау портында «Бекет Ата» фидерлік кемесіне тесттік тиеу жұмыстары жүргізілді. Кеме бортында 210 ЖФЭ бар контейнермен рейске шықты.

Оның ішінде 50 мыс тиелген жиырма футтық контейнер, 58 қорғасыны бар жиырма футтық контейнер, 10 мырышты жиырма футтық контейнер бар. Тағы 92 жиырма футтық контейнерге томат пастасы салынған.

Жүк Баку халықаралық Говсан сауда порты арқылы Поти портына (Грузия) дейін, одан әрі көлемнің бір бөлігі - Дериндже портына (Түркия) дейін жеткізіледі.