К 30-летию Независимости Казахстана | 07 маусым 09:57

Бензин арзандады, бірақ бәрінде емес

Бәрінде емес деп отырғанымыз, АИ-92 бензинінің бағасы "Қазмұнайгаз" жанар-жағармай құю бекеттерінде 149 теңге күйінде қалып отырғаны хабарлануда. "Гелиос" 147 теңгеден 145-ке 2 теңгеге арзандатса, "Синойл" осы бағаға тең болатындай, төрт теңгеге бір-ақ түсірген.    

"Royal Petrol" бұрыннан 145 теңгеге сатып жатса, "Газпром" 146 теңгені дұрыс көруде.

Дизель бағасы еш өзгермеген. Бұл жерде де "Royal Petrol" өнімді ең арзан бағаға - 188 теңгеге ұсынуда. Ал "Гелиос" пен "Газпром" 1 литрге 193 теңге сұрауда.