Оқыту курсы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өкілдерінің қатысуымен Зеренді ауылында өтті.
Мұнайшылар коммуникациялық менеджменттің маңыздылығын және оның компания қызметінің нәтижелілігіне әсерін талқылады. Сондай-ақ, экономика, қаржы, экология, кадр және әлеуметтік мәселелерді шешу тақырыбын қозғады.
Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындай отырып, берілген тапсырмаларды оқыту барысында үйренген әртүрлі әдістермен шешті.
Осылайша компания қызметкерлері барлық бағыттар бойынша жұмыс тиімділігін арттыратын стратегиялық өзара іс-қимыл құралдарын пайдаланып, өз дағдылары мен қызығушылығын дамытты. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.