Бұл оқиға мерекелік демалыс күндері орын алды. Данияр өзінің қыздарымен және жиенімен қыдырыстап жүрген. Олар «Сарайшық» көпірінен өтіп бара жатқанда Есіл өзеніне екі жасөспірім қыздың құлағанын көреді. Әр секундтың маңызды екенін түсініп, ол көпірдің жаяу жүргіншілер баспалдағынан тез төмен түсіп, өзенге киімімен күмп берді.
«Мен осы сәтте екеуін бірге қалай құтқарып қалу керектігін ойладым. Қыздарды судан шығару үшін бар күш-жігерімді салдым», – деп еске алады Данияр.
Ол кез-келген адам да осылайша әрекет ететініне сенімді, ешкім де қиындықты айналып өтпес еді.
Данияр Зият өзінің еңбек жолын темір жолда 2009 жылы «Экспресс» филиалының 1 санатты технигі болып бастады. Ол теміржолшы әулетінен, үш баланың әкесі. Жақында ғана «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратында жұмыс істейді, жолаушылар шаруашылығы объектілерін жазғы және қысқы маусымға дайындау, сондай-ақ жылжымалы құрамды техникалық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.