«Сауда-экономика, өнеркәсіп, инвестиция, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты дәстүрлі салалардағы ынтымақтастықты ұлғайту, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыру, Қытай-Еуропа жүк пойыздарына қызмет көрсетуді жақсарту және көлік қатынасының кең әрі жоғары тиімді желісін жақсарту үшін Транскаспий халықаралық теміржолының құрылысын дамыту қажет», - деп жазды Си Цзиньпин.
Мақалада Қытайдың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған мәдени-гуманитарлық нысандарының рөлін айқындау қажеттігі айтылған.
«Халықтарымыз тамыры тереңге тартатын достыққа мүдделі. Оны сақтап дамыту үшін екі халықтың жақындығын арттыруға бағытталған мазмұнды мәдени-гуманитарлық байланыс қажет. Лу Бань шеберханасының, Конфуций институттарының, Қазақстандағы Қытай Солтүстік-Батыс политехникалық университеті филиалының рөлін айқындап, екі ел арасындағы достықты лайықты жалғастырушыларды тәрбиелеген жөн», - деді Қытай басшысы.