Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ арасында меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.
Қазір "Қазпошта" АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, "БЖЗҚ" АҚ қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастаған. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізбек. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.
Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:
салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру; хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өспек.