К 30-летию Независимости Казахстана | 18 ноября 15:50

«БГҚ Түркістан» басты корпусына алғашқы газ турбинасы орнатылды

1000 МВт қуатты бу-газ қондырғысы бар электр станциясының құрылыс алаңында «БГҚ Түркістан» басты корпусына алғашқы газ турбинасы орнатылды. Турбинаның салмағы шамамен 200 тоннаны құрайды. Агрегатты тасымалдау үшін 600 тонна көтерімділікті ауыр көтергіш кран қолданылды – бұл бүгінгі таңда Түркістан облысында жұмыс істейтін ең қуатты көтеру техникасының бірі.

Бұл жұмыс жоғары қауіпті санатқа жатады. Турбинаның салмағы шамамен 200 тонна. Сондықтан кранның параметрлері, қолының ұзындығы және көтеру қабілеті мұқият есептелді. Барлық іс-шаралар Жұмыс жүргізу жобасы  бойынша ұйымдастырылып, қауіпсіз орындалды, - деді «БГҚ Түркістан» ЖШС Құрылыс жұмыстарын бақылау департаментінің жетекші инженер-механигі Нұркен Бәкен.

 

Турбина қоймадан құрылыс алаңына өзін-өзі қозғалатын құрама платформа арқылы жеткізілді. Кейін 600 тонна көтерімділікті ауыр кранмен көтеріліп, металл конструкциялар үстінен басты корпусқа орнатылды. 600 тонна көтерімділікті кран мен өзін-өзі қозғалатын платформа сияқты бірегей монтаж құралдарын қолдану үлкен салмақты агрегаттармен қауіпсіз жұмыс істеуге және металл конструкциясы шектеулі кеңістікте күрделі маневрлерді орындауға мүмкіндік береді.

Тасымалдау Жұмыс жүргізу жобасына сәйкес штаттық режимде өтті. Біз оны Integra Construction KZ және Sarens мамандарымен бірлесіп дайындадық. Оқиға тіркелген жоқ, - деп бөлісті Сержан Камзин, Doosan Enerbility жетекші инженер-механигі. 

Газ турбинасы орнатылатын іргетастың соңғы дайындығы және монтаж жұмыстары Siemens Energy (ГФР) зауыт өкілдерінің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Шетелдік техниктердің қатысуы қауіптерді төмендетіп, жабдықты жинау сапасын алғашқы кезеңде арттырады. Қазіргі сәтте газ турбинасы уақытша монтаждық тіректерге орнатылған. Негізгі орталықтау, нивелирлеу және калибрлеу жұмыстары агрегатты тұрақты тіректерге толық орнату кезінде жүзеге асырылады, зауыт талаптары мен жобалық құжаттамаға сәйкес.

Ақан Аширбеков,  «Integra Construction KZ» ЖШС «БГҚ құрылысын басқару дирекциясы» атқарушы директорының орынбасары: «Siemens Energy өкілдері іргетастарды қабылдап, ұсыныстар берді. Оларды орындағаннан кейін орнатуға рұқсат алынды».

Басты корпусқа алғашқы газ турбинасының орнатылуы «БГҚ Түркістан» компаниясының жобаны іске асырудың келесі кезеңіне – «бетон мен металл конструкциялардан» қуат блогын монтаждауға көшуіне бастама береді. Электростанцияның қалған технологиялық жабдықтары да осындай жоспар бойынша орнатылады.

Айта кетейік, «БГҚ Түркістан» ЖШС Түркістан облысында 1000 МВт қуатты бу-газ қондырғысы бар электростанция құрылысы жобасын жүзеге асыруда. Құрылыс, жабдықты жеткізу және монтаж жұмыстарын Doosan Enerbility, «Integra Construction KZ» ЖШС және  «BCN Group» ЖШС компанияларының консорциумы жүргізеді. Жобаның басты мақсаты – өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін және қауіпсіздігін нығайту, сондай-ақ облыс тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құру.