Түркістан облысындағы қуаты 1000 МВт бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылыс алаңында Siemens Energy компаниясының үшінші газ турбинасы сәтті орнатылды.
Негізгі монтаждау жұмыстарының барысын «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов жобаға қатысушылар - Doosan Enerbility және Integra Construction KZ өкілдерімен бірге инспекциялады.
Салмағы 200 тонна болатын агрегатты монтаждау бойынша техникалық операция жүк көтергіштігі 600 тонналық кранның көмегімен жүзеге асырылды. Турбина Басты корпустың шатырындағы технологиялық ойық арқылы жобалық орнына орнатылды. Процесс, алғашқы екі агрегатты монтаждау тәжірибесіне ұқсас, Doosan Enerbility және Siemens Energy инженерлерінің техникалық бақылауымен өтті. Жұмыстарды орындау кезінде алдыңғы кезеңдерде жинақталған тәжірибе толық көлемде қолданылды.
Қазіргі уақытта турбина жоғары дәлдікпен орталықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін уақытша тіректерге орналастырылды. Алаңдағы монтаждау жұмыстары штаттық режимде жалғасуда.
Жобаны «БГҚ Түркістан» ЖШС Doosan Enerbility және Integra Construction KZ құрамындағы халықаралық Консорциумның күшімен іске асыруда. Нысан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие.