Шараға Компанияға қарасты өндірістік-құрылымдық бөлімшелерден жас мамандар қатысып, 8 команда арасында сайысқа түсті.
«Компания жас мамандардың бойында патриоттықты қалыптастыруға және тұлғалық дамуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса назар аударуда. Осыған орай биыл ЕМГ-нің 100 жылдығына арналған бірқатар шаралар жастарға арналып отыр. Бүгінгі шара жастардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырумен қатар, ғасырлық тарихқа үңілуге септігін тигізеді», – деді ЕМГ әлеуметтік саясат және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Қуандық Калидуллин.
Интеллектуалды жарыс 2 кезеңнен тұрды. Алғашында командалар 40 сұраққа жауап беріп, ұпай жинады.
Сайыс қорытындысымен ұпай саны бойынша «Эйнштейннің ағайындары» командасы ІІІ орынды, «Бірлік» командасы ІІ орынды иеленді. Ал «Бар ел» командасы ең көп сұраққа дұрыс жауап беріп, жеңімпаз атанды.